Сеулде кәсіпкерлер ұшатын таксиді сынап көрді

0
668

Ұшқышсыз әуе таксиін бес жылдан кейін жаппай іске қосу жоспарланып отыр.


Сеулде кәсіпкерлер ұшатын таксиді сынап көрді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның астанасында ұшқышы жоқ әуе таксиі сынақтан өткізілді, деп жазады zakon.kz.

Евроньюс таратқан видеода үлкен дронға ұқсайтын құрылғы 50 метр биіктікке көтеріліп, қаланың үстінен айналып, қауіпсіз жерге қонды.

Әрине, оның ішінде жолаушылар болмаған. Такси жалпы салмағы 200 келіге дейінгі салмақты көтеруге арналған, яғни оған екі адам отыра алады. Оның басқару желісі толығымен автоматтандырылған.

Ұшқышсыз әуе таксиін бес жылдан кейін жаппай іске қосу жоспарланып отыр.