Шавкат Мирзиеев: ​«Қол шапалақтап, мадақ айтуды доғарыңдар!»

0
1 261

Бірінші президент Ислам Каримов кезіндегі әдет әлі де тиылар емес.


Шавкат Мирзиеев: ​«Қол шапалақтап, мадақ айтуды доғарыңдар!»

ERNUR.KZ. Бүгін Бұхара облысына іс-сапармен барған Өзбекстан президенті Шавкат МИРЗИЕЕВ шенеуніктерге қол шапалақтап, мадақ айтуды қоюды бұйырды. Оның орнына нақты жұмыспен айналысуды тапсырды, деп жазады Жас алаш ozodlik.org сайтына сілтеме жасап.

Бұхарадағы кездесуде мемлекет басшысы шенеуніктердің қызметі халықтың мүдесіне еңбек ету деді.

«Сіздердің жұмыстыраңыздың нәтижесін әрбір көше, әрбір отбасы сезіну тиіс. Қол соғып құрмет көрсетуді, мақтау сөздерді қою керек. Жұмысты дұрыс жоспарлап істеу қажет», — деді президент.

ozodlik.org сайтының жазуынша президенттің кез-келген баяндамасына шенеуніктер қол соғып қошамет көрсетеді. Бірінші президент Ислам КАРИМОВ кезіндегі әдет әлі де тиылар емес. Өзбекстанның екінші президенті бұған дейін де алақан қызарғанша қол соғатын советтік мінезді қоюға шақырған.