Шавкат Мирзиёев: Нұрсұлтан Әбішұлын ұстазым деп санаймын

0
1 641

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен болса аға - ініміз. Ол - көпті көрген адам. Мен Нұрсұлтан Әбішұлын өзімнің ұстазым деп білемін. Көп нәрседе ақыл - кеңес беріп, жол көрсетеді".


Шавкат Мирзиёев: Нұрсұлтан Әбішұлын ұстазым деп санаймын

Бұл туралы Өзбекстан президенті 13 сәуір күні Сырдария облысында өткізген видеоселекторлық жиында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Елдің беделі көрші елдермен қарым-қанытанысына да байланысты деген Шавкат Мирзиеев Орта Азия елдері туралы пікрін де білдірді.

"Мемлекеттің шет елдегі беделін білгің келсе, таразының бір жағына оның көрші елдерін қоясың. Себебі, көршіден басқа ешкім ол жайында жақсы білмейді. Тәжікстан Республикасымен біраз мәселенің шешімі табылды. Қырғызстан мемлекетімен де. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен болса аға - ініміз. Ол - көпті көрген адам. Мен Нұрсұлтан Әбішұлын өзімнің ұстазым деп білемін. Көп нәрседе ақыл - кеңес беріп, жол көрсетеді. Сондай - ақ, Түркіменстан президентімен (қарым-қарынаста) үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз. Құдай қаласа Гурбангұл Бердімұхаметов дүйсенбі күні (23 сәуір) жұмыс бабымен Өзбекстанға келе жатыр. Біз барлық елмен достық, бауырлық байланыстарын нығайтамыз." - дейді Шавкат Мирзиеев.