Шекарадан адамдар кір жуғыш машинаның ішіне тығылып өтпек болған

0
870

Шекарашылар олардың барлығын ұстады.


Шекарадан адамдар кір жуғыш машинаның ішіне тығылып өтпек болған

ERNUR.KZ. АҚШ Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекет территориясына кіріп кету үшін әртүрлі жиһаздарға тығылған Қытай елінің 11 азаматын ұстады, деп хабарлайды ktk.kz.

Бұл туралы ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланды. Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан.

"Автокөліктің ішінде әртүрлі жиһазға жасырынған 11 қытайлық мигрант табылды. Мигранттар сандыққа, комодқа, тіпті кіржуғыш машинаға жасырынған көрінеді", - делінген хабарламада.

Қытайлықтардың ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпеген. Фураның жүргізушісі 42 жастағы АҚШ азаматы тұтқындалды.