Шри-Ланкадағы жарылыс: 52 адам қаза тауып, 280 адам зардап шекті

0
936

Шри-Ланкадағы шіркеуі мен қонақ үйде ірі жарылыс болып, салдарынан 52 адам көз жұмды


Шри-Ланкадағы жарылыс: 52 адам қаза тауып, 280 адам зардап шекті

Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ Шри-Ланкада католик шіркеуі мен қонаұ үйлерде және өзге өңірлерде болған жарылыстан 280 адам жарақат алған. Ал, 52 адам көз жұмған деп жазады Stan.kz

Бұл қайғылы жағдай туралы мәліметтерді Коломбо Ұлттық емханасы берген.

Осыған дейінгі ақпараттар негізінде 160 адамның зардап шеккені анықталған болатын.

Шри-Ланкадағы қонақ үй мен шіркеуде 6 жарылыс болды. Оның үшеуі шіркеуде, үшеуі қонақ үй мен елдің өзге жерлерінде болды. Әзірге жарылыстан 52 адамның мерт болғаны айтылды.