Шри-Ланкадағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 185 жетті

0
886

Жойқын жарылыстардың салдарынан жапа шеккендер саны 360 жетті


Шри-Ланкадағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 185 жетті

Суреттер: Tengrinews сайтынан алынды

ERNUR.KZ Шри-Ланкада тағы екі жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Келіп жеткен мәліметтерге сәйкес, жетінші жарылыс Шри-Ланканың батыс бөлігінде орналасқан Дехивала қаласындағы зоологиялық бақ маңында болған. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, бірнеше адам зардап шекті.


News 1st телеарнасының мәліметінше, сегізінші жарылыс Коломбо Дематагода қаласының маңындағы тұрғын үй кешенінде болған. БАҚ мәліметінше, Шри-Ланкада жарылыстар салдарынан қаза тапқандар саны 185 адамға жеткен. Еске салайық, 21 сәуірде Шри-ланкада католиктер шіркеуінде пасха мерекесін тойлау кезінде және Коломбо қонақ үйінде және елдің басқа да бөліктерінде алты жарылыс болды. Жергілікті News 1st телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 160-тан асқан, ал 360 адам зардап шеккен. Шри-Ланка үкіметі жедел отырыс жасады.