ШҰҒЫЛ: Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті

0
1 048

Дүйсенбі күні Пашинян бостандыққа шығарылды. Екі сағаттан соң Саргсян өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді.


ШҰҒЫЛ: Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті

Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті. Бұл туралы ресми мәлімет бүгін, 23 сәуір күні жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Армения Үкімет басшысының отставкасы елдегі бірнеше күнге созылған жаппай наразылықтан соң орын алып отыр.

Бұрынғы ел президентінің жаңа заң бойынша құзыреті күшейтілген үкіметтің басшылығына сайлануы Арменияда жаппай наразылық тудырып, тұрғындар 13 сәуірден бастап көшеге шерулетіп шыға бастап еді.

22 сәуір күні Саргсян оппозиция жетекшісі Пашинянмен кездесуге келіп, сұқбат тек Саргсянның қызметтен кетуі туралы болатынын естігенде орнынан тұрып, кетіп қалды.

Осы оқиғадан 1,5 сағат өткен соң Пашинян тұтқындалды. Бұл ел ішіндегі наразылықты одан сайын өршітіп, қарсылық акциясына әскерилер де қосылған болатын.

Дүйсенбі күні Пашинян бостандыққа шығарылды. Екі сағаттан соң Саргсян өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді.

Ел президенті қызметінде екі мерзім отырған Серж Саргсян Армения Үкіметінің басшысы қызметіне 17 сәуір күні сайланған болатын.

Елдің жаңа конституциясы бойынша елдегі шынайы билік премьер-министрдің қолына өтті.