Шымкенттік Киев әуежайында кішкентай қызды өлім аузынан алып қалды

0
1 133

Шымкент қаласының тұрғыны Украина астанасы Киев қаласының әуежайында кішкентай қыздың денсаулығы сыр берген сәтте, алғашқы медициналық көмек көрсетіп аман алып қалған.


Шымкенттік Киев әуежайында кішкентай қызды өлім аузынан алып қалды

ERNUR.KZ Шымкент қаласының тұрғыны Алексей Кудиенко Киев әуежайындағы кішкентай баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Facebook парақшасында оқиға куәгері-Алматы қаласының тұрғыны Мехирбан Бакиева мәлімдеді, деп жазады Тengrinews.kz.

Әйелдің айтуынша, оқиға 22 наурыз күні Киев әуежайында орын алған.

"Киевтің әуежайында кішкентай қыз көз алдымызда қырылдап жерге құлады. Адамдар жүрігіп апақ-сапақ басталды. Біреулер жедел жәрдемге қоңырау шалса, біреулер әуежай қызметкерлерін көмекке шақырмақ болды. Ал, қыздың демалысы қиындап, жағдайы нашарлап барады. Оның беті көгере бастағанын көріп дәрменсіздіктен жылап жібердім. Өйткені, шамалы уақытта одан айырылып қалатынымыз түсінікті еді. Дәрігерлер болсағ әлі жоқ.

Кенет кішкентай қызға қарай бір жігіт ұмтылды. Қыздың жанына келіп бірдеме істей бастады. Не ісегені анық көрінбеді. Адамдар бірден тынышталып тұрып қалды. Сәлден кейін әлгі қыз ысқыра демалып, жөтеле бастады. Осы сәтте барлығының көкейінен жүктіскендей бәрі жеңіл демалып, бірі шапалақ ұрса, енді бірі дауыстап жылап жіберді. Мен де көз жасыма ерік бердім. Себебі, көкейді қорқыныш пен қуаныш бірдей кергнеген болатын. Әлгі жігіттің де қолы дірілідеп, жылап тұрды. Ол да түс көргендей болды. Оған жақындап келіп құшақтадым",- деп жазды Мехрибан Бакиев.

"Рахмет, рахмет, - деп қай-қайт айттым. Кімсің сен? Қайдансың?"

"Мен Шымкенттенмін. Аты-жөнім Кудиенко Алексей ", - деді ол.

Мен біздің жерімізде қандай адамдардың өмір сүріп жатқанын көпшілік білгенін қалаймын. Мен үшін ол батыр! Ол жүректің қалауы бойынша әрекет ете отырып, жанкешті және батылдық танытып адам өмірін сақтап қалды. Біраз уақыттан кейін дәрігерлер келді. Бұл кезде қыздың өміріне қауіп төніп тұрмаған болатын.

Рахмет сізге жақсы адам!!!! Сізді қатты құштым! Шымкенттіктер, сіздің қалаларыңызда нағыз батыр тұрады. Егер сіз онымен таныс болсаңыз, міндетті түрде қолын алып қойыңыз..."- деп жазды желі қолданушысы.