Си Цзиньпин үшінші рет Қытай төрағасы болып сайланды

0
478

Си Цзиньпин Қытай тарихындағы үшінші мерзімге сайланған тұңғыш төраға атанды.


Си Цзиньпин үшінші рет Қытай төрағасы болып сайланды

ERNUR.KZ. Қытай тарихында тұңғыш рет халық құрылтайының депутаттары Қытай Халық Республикасының төрағасын үшінші мерзімге қайта сайлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Қайта сайлау 9 наурыз күні депутаттардың жасырын дауыс беруімен өтті. Осылайша, Си Цзиньпин Қытай тарихындағы үшінші мерзімге сайланған тұңғыш төраға атанды.

Сондай-ақ Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайланды.

Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэцзи Жалпықытайлық халық өкілдері жиыны Тұрақты комитеті – елдің жоғарғы заңнамалық органының төрағасы қызметіне сайланды.

Айта кетейік, 2023 жылдың 5-13 наурызы аралығында Бейжіңде жыл сайынғы Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының сессиясы өтіп жатыр.