Синдзо Абэні атты деген күдіктіге түпкілікті айып тағылды

0
2 315

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасады деген бұрынғы әскери қызметкер Тецуя Ямагамиге ресми айып тағылды.


Синдзо Абэні атты деген күдіктіге түпкілікті айып тағылды

ERNUR.KZ. Ол прокуратураға тапсырылды. Бұл туралы NHK телеарансы хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

41 жастағы күдікті Нара префектурасының полиция бөлімінен жергілікті прокуратураға ауыстырылғаны, оған ресми түрде кісі өлтірді деген айып тағылғаны айтылды.

Бұған дейін Ямагамидің үйінен тағы бірнеше қолдан жасалған атыс қаруы мен жарылғыш зат табылғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 8.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі 12 шілдеде өтеді.