Смартфонның адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін артықшылықтары бар

0
499

Ол үшін смартфонға арнайы бағдарламалық қосымшаны алдын ала орнату қажет.


Смартфонның адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін артықшылықтары бар

ERNUR.KZ. Өмірде смартфонның адам өмірін сақтап қалатын жағдайлар бар, деп жазады zakon.kz.

Ол үшін смартфонға арнайы бағдарламалық қосымшаны алдын ала орнату қажет, әсіресе егер сіз ұзақ сапарға немесе оқиға орнына баруды жоспарласаңыз.

Заманауи құрылғылардың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты қосымшалар ішкі жадының аз бөлігін алады және бір мезетте жұмыс істей береді, - деді IT-Reserve серіктесі мен директоры Павел Мясоедов Prime агенттігіне берген сұқбатында.

Сарапшы оларды үш санатқа бөледі: анықтамалық, медициналық және саяхатқа арналған.

Тұрақты ұялы байланыс пен Интернет жоқ жерлерде компас немесе карта қажет болуы мүмкін.

Төтенше жағдайларда, соның ішінде тұрмыстық жағдайларда (мысалы, өрт кезінде немесе термометр сынып, сынап ақса), қандай әрекет ету қажеттігіне қатысты нұсқаулықтардың болуы жақсы, мұндайда асып-саспайсыз.

Ол ең маңызды категория ретінде медициналық қосымшаларды ерекше атап көрсетеді. Олардың кейбіреулері сіздің көңіл-күйіңізді анықтауға, тағы бірі дәрі -дәрмектің кестесін бақылауға көмектеседі, одан бөлек мобильді зертхананың көмегі де өлшеусіз, ол дене температурасын бақылап, мысалы, жүрек соғу жиілігін көрсете алады.