Снайпердің оғы Бразилиядағы 16 адамның тағдырын бір сәтте шешті

0
681

Жұртты кепілге алған адам өзі полицей болған.


Снайпердің оғы Бразилиядағы 16 адамның тағдырын бір сәтте шешті

ERNUR.KZ. Рио-де-Жанейро аудандарының бірінде 22 адам мінген автобусты кепілге алған адам оққа ұшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғаға кейіпкер болған жұрттың тағдырын снайпер атқан жалғыз оқ шешті. Сөйтіп, қарулы қаскүнемнің құрсауына түскен 22 адамның он алтысы бірден босатылды. Ал оның алтауын кепілге алушы соның алдында босатқан болатын.

Ақпаратқа сәйкес, жұртты кепілге алған адам өзі полицей болған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бразилиядағы Нитерой ауданында біреудің 22 адамды кепілге алғанын хабарлаған едік.