Солтүстік Корея телеарнасы коронавирус тарататын шаң дауылы туралы ескертті

0
1 406

Үкімет ең алдымен иммунитеті әлсіреген және егде жастағы адамдарға дерт жұқтыру қаупі төніп тұрғанын ескертті.


Солтүстік Корея телеарнасы коронавирус тарататын шаң дауылы туралы ескертті

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея мемлекеттік телеарнасы ел тұрғындарын Қытай жағынан келе жатқан сары шаң туралы ескертті, деп жазады 24.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрамында ауыр металл бөлшектері бар бұл құмды дауыл вирусты да таратып келеді.

Үкімет ең алдымен иммунитеті әлсіреген және егде жастағы адамдарға дерт жұқтыру қаупі төніп тұрғанын ескертті. Тұрғындарға үйден шықпауға, ал кәсіпорындарға ашық даладағы жұмысын барынша шектеуге нұсқау берілді.

Солтүстік Корея үкіметі бұған дейін өз елі аумағында коронавирус тарамағанын талай рет мәлімдеген болатын.