Солтүстік Кореяда локдаун жарияланды: COVID-19 індеті өршіп кетті

0
592

12 мамырда Кореяның орталық ақпарат агенттігі (KCNA) "елде үлкен төтенше жағдай орын алды" деген хабар таратқан.


Солтүстік Кореяда локдаун жарияланды: COVID-19 індеті өршіп кетті

ERNUR.KZ. Корей Халық Демократиялық Республикасында COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Республика басшысы Ким Чен Ын бүкіл елде карантин енгізуді бұйырды, деп жазады zakon.kz.

12 мамырда Кореяның орталық ақпарат агенттігі (KCNA) "елде үлкен төтенше жағдай орын алды" деген хабар таратқан.

2020 жылдың ақпанынан бастап екі жыл үш ай бойына сенімді қорғалған эпидемияға қарсы майдан бұзылды, деп хабарлайды ТАСС.

«Омикрон» Пхеньянда дене қызуы көтерілген науқастар тобын тексеру нәтижесінде анықталды. Ауру жұқтырғандардың нақты саны көрсетілмеген.

Кореяның Еңбек партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының шақырылған отырысында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын «қауіпсіздіктің бұзылуына жол бермеу үшін барлығын жасауымыз керек» деді.

Ол елдің барлық қалалары мен аудандарында оқшаулауды енгізуді бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін билік коронавирус жұқтырғандар туралы хабарлаған жоқ.