Сондерс есірткіге тәуелді әйелді досымен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынды (видео)

0
1 392

Бокс ұйымынан бөлек видеоны полиция да назарға алды.


Сондерс есірткіге тәуелді әйелді досымен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынды (видео)

ERNUR.KZ. Бокс бойынша британиялық кеңес (BBBofC) орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) ісіне қатысты отырыс өткізді, деп жазады Vesti.kz.

Бұған себеп әлеуметтік желіге тарап кеткен видео. Онда Сондерс Rollce-Royce көлігінде отырып, достарымен бірге есірткіге тәуелді әйелді мазақ еткен. Боксшы оған есірткі дозасы үшін досымен жыныстық қатынасқа түсуді ұсынады, ал артынша өтіп бара жатқан адамды педофил дегізіп, шапалақпен ұруға мәжбүрлеген.
Кейінірек The Sun таблойды осы дау қызып тұрғанда Сондерстің бір жыл бұрынғы видеосын жариялайды. Онда чемпион өзін полицей деп таныстырып, қарумен қорқытып ер адамды іш киіміне дейін шешінуге мәжбүрлеген.


Отырыс қорытындысы бойынша, BBBofC Сондерске "бокс беделіне келтірген нұқсан үшін" 100 мың фунт стерлинг айыппұл салды. Бұл қаржы қиындық көріп жатқан бұрынғы боксшыларға жұмсалады.
Сондерс ең ауыр жаза - лицензиядан айырылудан аман қалды, мұнан бөлек ол бокстан уақытша шеттелуі мүмкін еді.

Кейін бұл видеоны полициця назарға алды. Боксшыға бірден бірнеше айып тағылуы мүмкін.
Қазіргі таңда Сондерс америкалық Деметриус Андрадемен (25-0, 15 КО) чемпиондық жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр. Кездесу 20 қазан Бостонда өтеді. Бұл британиялықтың чемпионның WBO белбеуін 2015 жылы иеленгеннен бергі төртінші қорғауы болады.