Сот ғимараты алдында автомобиль жарылды

0
1 196

Полиция көлікке жарылғыш зат қойылған болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.


Сот ғимараты алдында автомобиль жарылды

ERNUR.KZ. Кеше кешкісін Солтүстік Ирландияда Лондондерри орталығындағы сот ғимаратының алдында тұрған автомобиль жарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өртке оранған автомобильдің фотосуретін жариялаған полиция көлікке бомба қойылған болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Солтүстік Ирландия жергілікті полиция басқармасы Facebook-те жарылыстан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

«Біздің білуімізше, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Полиция жуық маңдағы үйлердің тұрғындарын уақытша қауіпсіз жерге шығуға шақырып жатыр, өйткені тағы бір автомобиль күдікке «іліккен».

Алайда, тексеріс кезінде автомобильдің «таза» екені анықталды. Оқиғаның себептері әзірге белгісіз. Сонымен қатар елдің ішкі істер министрі Саймон Коувени Twitter парақшасында болған оқиғаны «теракт» деп атады.