Стамбұлдағы жарылысты әйел адам ұйымдастыруы мүмкін

0
687

Белгісіз әйел сол маңдағы орындықтарда 40 минуттан астам отырған.


Стамбұлдағы жарылысты әйел адам ұйымдастыруы мүмкін

ERNUR.KZ. Истикляль көшесіндегі жарылыс салдарынан 81 адам зардап шегіп, 6 адам көз жұмды, деп жазады exk.kz.

"Анадолу" агенттігінің мәліметінше, жарақат алған 81 адамның ішіндегі екеуінің жағдайы ауыр.

Елдің Әділет министрі Бекир Боздагтың айтуынша, белгісіз әйел сол маңдағы орындықтарда 40 минуттан астам отырған. Ол тұрып кеткеннен кейін 1-2 минут өткен соң жарылыс болған.

Стамбулдың бас прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.