Студенттерге телефон мен интернет қолдануға тыйым салды

0
1 110

ЖОО басшылары студенттерге өздерін тәртіпті ұстап, телефонмен сөйлеспеу, интернет қолданбау және тойларға бармау туралы қолхатқа қол қойдырып алған.


Студенттерге телефон мен интернет қолдануға тыйым салды

ERNUR.KZ. Түркіменстанда қысқы демалыс кезінде студенттерден "мобильді телефон мен интернет қолданбаймыз" деген қолхат алған. Сонымен бірге тойға бармаймыз деп уәде беріп кеткен екен, деп жазады azattyq.org.

Кезекті тыйымдар туралы Азаттықтың түркімен қызметіне (Азатлык) еліндегі бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытаушылары хабарлаған.

"Мұндай қолхатты студенттерден 25 қаңтарда жаздыртып алды. ЖОО басшылары демалыс кезінде студенттерге өздерін тәртіпті ұстауды, телефонмен сөйлеспеуді, интернет қолданбауды және тойларға бармауды тапсырған", - деп хабарлады Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісі.

Бірнеше күн бұрын ЖОО студенттері оқытушыларының демалысқа ауылына бару үшін такси қызметін пайдаланбауды бұйырғанын айтқан. Тіптен демалыстан келгеннен кейін жол билетінің көшірмесін деканатқа тапсыруды талап еткен екен.