Сүндетке отырмақ болған ер адам 4,5 миллион теңгеден аса ақша төлеуге мәжбүр болған

0
1 400

Онда сүндеттеуден бөлек, сарысулы ісікті алып тастау үшін жасалған ота бағасы қосылған екен


Сүндетке отырмақ болған ер адам 4,5 миллион теңгеден аса ақша төлеуге мәжбүр болған

ERNUR.KZ. Қытайдың Таншань қаласының тұрғыны қарапайым ота үшін өзі ойлағаннан 100 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болды, деп жазады Stan.kz.

Ер адам барған жекеменшік клиникада сүндеттеу бағасы 800 юань (43 мың теңгеден аса) тұрады екен. Дәрігерлер пациентті қарағаннан кейін, оның ағзасында 3 сарысулы ісік бар екенін анықтап, оларды алып тастау керектігін айтқан.

Дәрігерлер сол жерде ер адамға ота жасап, 80 мың юань (4 млн 300 мың теңгеден аса) көрсетілген шотты ұсыныпты. Онда сүндеттеуден бөлек, сарысулы ісікті алып тастау үшін жасалған ота бағасы қосылған екен.

Өз кезегінде ер адам билікке шағымданған. Тексерістен кейін, жекеменшік клиника ескерту алды. Сонымен қатар оны лицензиясынан айырып, 52 мың юань (2 млн 800 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.