Супермаркетке тыржалаңаш кірген 5 жігіт бір-бір банан сатып алды (ВИДЕО)

0
938

Жігіттер бұндай қадамға бәстесу салдарынан барған.


Супермаркетке тыржалаңаш кірген 5 жігіт бір-бір банан сатып алды (ВИДЕО)

фото: кадрдан скриншот

ERNUR.KZ. Украинаның Запорожья қаласында 5 жігіт супермаркетке тыржалаңаш кіріп келген де, бәрі бірге қаз-қатар тұра қалып сауда жасаған, деп жазады Skifnews.kz.

Youtube желісіндегі видеоға қарасақ, қыстың көзі қырауда аяқтарындағы аяқкиімнен басқа ештеңесі жоқ олар (біреуі ғана баскиім киген) ұятты жерлерін пластик тәрелкелермен жауып алып, кассада бір-бір бананды есептетіп тұр.

Әрине, бұндай қадамға адамның өзара бәстесу салдарынан баратыны белгілі. Олар да сөйткен. Айтуларынша, ұтылғандарының айыппұлы да қомақты көрінеді. Сол себепті мүсіркесе керек, бесеуіне супермаркеттің күзетшісі де тиіспеген.

Ал украиналық желі қолданушылар «Украина Қылмыстық кодексі 296-бабының 2-бөлімі бойынша жазаға тарту керек», «Дүкенде бала ерткен ата-аналар жүретінін ескерген жөн. Қалжыңның да шегі болады ғой», «Мемлекеттің болашағы! Қорқынышты! Сенің біліміңнің қаншалықты деңгейде екені маңызды емес, ең бастысы, тәрбиенің жоғары болуы шарт», «қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу» десті, іштегі қыжылдарын бүгіп қала алмай.