Суретке түсіргені үшін 7 мың еуро төленетін жұмысқа адам іздестіріліп жатыр

0
1 337

Фотосуретшінің кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы керек


Суретке түсіргені үшін 7 мың еуро төленетін жұмысқа адам іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Ұлыбританиялық отбасы өздерімен бірге түрлі елге барып, өмірінде болып жатқан жайттарды суретке түсіретін кәсіби фотосуретші әрі саяхатшы іздестіріп жатыр, деп жазады Stan.kz.

«Бізбен бірге әлемді аралап, түрлі шараларда суретке түсіретін адамды іздестіріп жатырмыз. Оның үш айдан аса уақыт үйінен тыс жерде жүруге мүмкіндігі болуы тиіс. Біз Еуропа, Америка және Оңтүстік Америкадағы мемлекеттерге саяхаттаймыз. Сонымен қатар Аустралияға барамыз», – дейді жұмыс берушілер.

Сондай-ақ, олар мұндай жұмысты бір жылдық мерзімге ұсынатынын және айына 7 мың еуро (2 млн 900 мың теңгеден аса) төлейтінін айтты.

Хабарландыруда фотосуретшінің кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы керектігі көрсетілген.