​Сыбайлас жемқорлықты әшкерелеген журналист өлтірілді (видео)

0
1 151

Осы кезде журналистің суреті эфирден көрсетілді.


​Сыбайлас жемқорлықты әшкерелеген журналист өлтірілді (видео)

ERNUR.KZ. Ганада футбол ассоциациясындағы сыбайлас жемқорлықты тексеру жүргізген журналист Ахмед Хуссейн-Суале өлтірілді, деп жазады tengrinews.kz.


Ахмед Хуссейн-Суале жасырын жұмыс істеген. Оның тергеу нәтижесі жергілікті футболдағы сыбайлас жемқорлықты әшкерледі. Соның нәтижесінде елдегі футбол федерациясының басшысы отставкаға кетті және таратылды. Журналисті ел астанасы Аккра қаласында екі мотоциклші атып кеткен. Ол үйіне қайтып бара жатқан уақытта, кеудесіне екі оқ және мойнына бір оқ тиген. Ол қайтыс болғанға дейін Гана парламентінің мүшесі Кеннеди Агьяпонг телекөрсетлім арқылы көпшіліктің көзінше "ісім сенімен болсын" деген сыңай танытқан.

"Егер оны бір жерден көріп қалсаңыздар, оның құлағын сындырыңыздар. Оны ұрыңыздар. Не болса да мен жауап беремін. Ол өте жаман бала", - деді парламентарий.

Осы кезде журналистің суреті эфирден көрсетілді.

"Би-би-си" телеарнасы Хуссейн-Суаленің жұмысын пайдаланып фильм көрсеткен. Агьяпонг болса осыған қатты ашуланған. Себебі фильмде Гана футбол ассоциациясының шенеуніктері, оның ішінде президенті Квеси Найантакидің пара алып жатқаны түсрілген.