Сырғанақ тепкен төрт жасар қыз мерт болды

0
725

Тергеу комитетінің өкілдері Приморье өлкесінде болған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Сырғанақ тепкен төрт жасар қыз мерт болды

ERNUR.KZ. Ресейдің Приморье өлкесінде төрт жасар бала қаза тапты. Кішкентай қыз тюбингпен төбешіктен сырғанап, ағашқа соғылған. Ол алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Ресей тергеу комитетінің Приморье өлкесі бойынша басқармасының сайты оқиға 2020 жылдың 2 қаңтарында Партизанск қаласының Лозовый ауылында болғанын хабарлады. Төрт жасар бала "ватрушкамен" төбешіктен сырғанап, ағашқа соғылған.

Балғын бас-ми жарақатын алып, келесі күні ауруханада қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жер қысқы ойындар үшін арнайы жабдықталмаған.

Қазір оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Барлық тексеру шаралары қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салсақ, 2 қаңтарда Қазақстанда осыған ұқсас жағдай болды. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында екі жас жігіт достарының автокөлігіне тіркеліп, "ватрушкалармен" сырғанаған. Олар тас жолда абайсызда қарсы жолаққа шығып кетіп, екеуін машина қаққан. Жігіттер ауыр жарақат алып, сол жерде тіл тартпай кетті.