Тағы бір Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда ереже бұзып, қашып кетпек болған

0
862

Оқиға 23 қыркүйек күні Кванджу қаласында орын алған.


Тағы бір Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда ереже бұзып, қашып кетпек болған

ERNUR.KZ. Қазақстандық тағы бір азамат Оңтүстік Корея аумағындағы апаттың қатысушысы болды. Оның өзге мемлекетте заңсыз жүргені белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақпараты бойынша, оқиға 23 қыркүйек күні Кванджу қаласында орын алған.
Қазақстаннан келген заңсыз мигрант таксимен соқтығысыпты. Жол-көлік оқиғасынан кейін ол қашып кетуге тырысқан, бірақ көлік жүргізушісі оны ұстап алады.
Оқиғадан кейін құқық бұзушы жігіт тәртіп сақшыларына тапсырылған.
Полиция Қазақстан азаматының жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырғанын анықтады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамның өткен жылы елге турист ретінде келгенін білген.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні 20 жастағы қазақстандық азамат Оңтүстік Корея аумағында 7 жасар баланы қағып, келесі күні Кореядан кетіп қалған. Алайда жас жігіт отанына оралуды ойламапты
Кейін желіде азаматтың баланы қағып кеткені түсірілген видео пайда болды. Оқиға 10 күн бұрын орын алғанымен, күдіктіні әлі күнге дейін ұсталған жоқ.