Таиландта пайдаланылған медициналық маскалар сатылған

0
823

Қызметкерлер масканы 1 баттан (12 теңге) сатып алып, бір күнде 400 данасын өңдеп отырған.


Таиландта пайдаланылған медициналық маскалар сатылған

ERNUR.KZ. Полиция қолданылған бетперделерді үтіктеп, сатуға дайындаған фабрика қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Хабар24.

Сарабури провинциясында пысықай кәсіпкерлер коронавирустың таралуынан пайда көрмек болған. Олар қолданылған маскаларды қайта сатқан. Thai PBS World-тың хабарлауынша, полицейлер фабрика үстінен шағым түскеннен кейін жұмысын тексеріп көрмек болған. Бекер емес екен.

Нәтижесінде, медициналық маскаларды үтіктеп, қорапшаларға салып жатқан 6 қызметкердің заңсыз әрекеті әшкереленді.

Олар әрбір масканы 1 баттан (12 теңге) сатып алып, бір күнде 400 данасын өңдеп отырған.

Медициналық бетперделер сараптамаға жіберілді, ал адам өмірін қауіпке тіккендер тиісті жазасын алады.