Тәліптер әйелдердің қатысуымен түсірілген сериалдарды көрсетуге тыйым салды

0
697

Ер адамдар мен әйелдер жартылай жалаңаш күйде бейнеленетін фильмдер мен клиптер де көрсетілмейді.


Тәліптер әйелдердің қатысуымен түсірілген сериалдарды көрсетуге тыйым салды

ERNUR.KZ. Тәліптер бірқатар телехикаяларды, соның ішінде әйелдердің қатысуымен хабар таратудың жаңа ережелерін белгіледі, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігі жазды. Агенттіктің мәліметінше, Ауғанстанда әйелдердің қатысуымен түсірілген телехикаяларды көрсетуге тыйым салған.

"Ер адамдар мен әйелдер жартылай жалаңаш күйде бейнеленетін фильмдер мен клиптер де көрсетілмейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тәліптер шетелдік мәдениетті насихаттайтын фильмдер мен Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктері бейнеленген фильмдерді көрсетуге шектеу қойды.

Бұған дейін Тәліптердің әйелдерге жұмыс істеуге және спортпен айналысуға тыйым салғаны туралы айтылған болатын.

"Талибан" қозғалысы— Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.