"Талқылайтын мәселе қалмады": КХДР билігі Оңтүстік Кореямен барлық байланысты үзді

0
596

Пхеньян екі ел арасындағы барлық қол жетімді байланыс желілерін өшіру туралы шешім қабылдады.


ERNUR.KZ. Пхеньян Оңтүстік Кореямен барлық байланыстардың тоқтатылатын мәлім етті. Билік Сеулмен "талқылайтын мәселе қалмағандықтан" осындай шешімге келгенін жеткізген, деп жазады kaz.nur.kz.

Ресми дереккөздер таратқан ақпаратқа сәйкес, Оңтүстік Корея билігі солтүстіктегі көршілеріне "үнсіз республикаларға қарсы іс-қимылдарды мақұлдаған". Пхеньян дерегінше, бұл жағдай Сеулмен қарым-қатынасқа "соңғы нүкте" қою туралы шешім қабылдауға себеп болды.

8 маусым күні Оңтүстік Кореямен жұмыс жөніндегі департамент өкілдерінің кездесуі барысында көрші мемлекетпен байланысты дұшпандық қарым қатынасқа өзгерту қажет екендігі айтылған.

Сеулмен байланыстарды тоқтатудың жоспарына сәйкес, Пхеньян екі ел арасындағы барлық қол жетімді байланыс желілерін өшіру туралы шешім қабылдады. Процесс жергілікті уақыт бойынша 9 маусымда түскі уақытта басталады деп жоспарланған.