Тамағынан шаш шыққан азамат әйелінің шашын тақырлап алып тастады

0
7 442

Ол енді 14 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.


Тамағынан шаш шыққан азамат әйелінің шашын тақырлап алып тастады

иллюстрациялық фото: ашықдереккөз

ERNUR.KZ. Бангладеште полиция әйелінің шашын тақырлап алып тастаған ер адамды тұтқындады, деп жазады ktk.kz.

35 жастағы азамат 23 жастағы келіншегінің шашын алып тастаған. Оған таңғы астан шаштың шығуы себеп болыпты.

Тамақтан шаш шыққанына ашуланған азамат лезвиені алып, әйелінің шашын күшпен алып тастаған. Күдіктіге ауыр дене жарақатын қасақана салу бойынша айып тағылған. Ол енді 14 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.