Танымал әншінің жанкүйерлері отырған автобус концерттен қайтар жолда аударылды

0
721

Жүргізуші ұйықтап кетіп, рөлге ие бола алмай қалған болуы мүмкін.


Танымал әншінің жанкүйерлері отырған автобус концерттен қайтар жолда аударылды

ERNUR.KZ. Ресейдегі Свердловская облысында әнші Макс Корждың жанкүйерлері отырған автобус концерттен қайтып келе жатқан жолда аударылды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 14 желтоқсанда жергілікті уақытпен 7:10-да Пермь - Екатеринбург жолында болды. Автобуста 53 адам отырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші ұйықтап кетіп, рөлге ие бола алмай қалған. Автобус қарсы жолға шығып, жолдан өтіп, аударылған. Апат салдарынан жеті адам ауруханаға түсті. Автобус рөлінде 1987 жылы ер адам болған, ол зардап шеккен жоқ. Қазір Ресей ІІМ өкілдері одан жауап алып жатыр.