Танымал тележүргізуші жантүршігерлік апаттан ажал құшты

0
760

Ол көлікпен жылдамдықты асырып, әйелдер арасында рекорд жаңартпақ болған.


Танымал тележүргізуші жантүршігерлік апаттан ажал құшты

ERNUR.KZ. "Аңыздарды жойғыштар" (Разрушители легенд) бағдарламасының жүргізушісі – 36 жастағы Джесси Комбс реактивті көлікпен жылдамдық рекордын орнатпақ болып, жантүршігерлік апаттан көз жұмды. Көлік апаты АҚШ-тың Орегон штатындағы Алворда шөлінде болған, деп жазады sputniknews.kz.

Жергілікті полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша 16:00 кезінде болыпты.

Тележүргізуші реактивті көліктің рөліне отырып, жылдамдықты сағатына 996 киломтерге жеткізбек болып, апатқа ұшырайды. Тележұлдыз оқиға орнында тіл тартпай кеткен екен.

Марқұмның отбасының Autoblog сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтылғандай, әйел 1976 жылы каскадер қыз Китти О'Нил орнатқан құрлықтағы ең жоғары көлік жылдамдығы рекордын жаңартқысы келіпті.