Ташкентте газ құю бекеттері уақытша жабық

0
518

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Ташкенттің кейбір аудандарында газ және жылу беруде кідіріс байқалған.


Ташкентте газ құю бекеттері уақытша жабық

ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасының билігі көппәтерлі тұрғын үйлерді жылыту мақсатында барлық ресурстарды қайта бағыттау үшін осындай шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті repost.uz сайтының жазуынша, қоғамдық көліктен басқа барлық көлік құралдары үшін газ құю станциялары уақытша жабық тұр.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Ташкенттің кейбір аудандарында газ және жылу беруде кідіріс байқалған.

"Коммуналдық қызметтер қолда бар газ қорларын барлық тұтынушылар арасында біркелкі бөлуге тырысса да, ресурстар таусылып жатыр", - делінген хабарламада.