Ташкентті су басты: Көшемен аққан су автобустардың ішіне кіріп кеткен

0
1 168

Жаңбыр суы көліктің белуарына дейін келген.


Ташкентті су басты: Көшемен аққан су автобустардың ішіне кіріп кеткен

ERNUR.KZ. 3 маусымда қатты жауған жаңбырдың әсерінен Ташкент қаласын су басты, деп жазады ca-news.org.

Бұл туралы куәгерлердің әлеуметтік желілерге салған көптеген бейнероликтерінен байқауға болады. Онда қалалық дренаждық жүйе су ағынын игере алмайтыны көрінеді. Сондай-ақ көшені басқан судан қоғамдық көлік ішіне су тола бастағанын да көруге болады.



Соңғы жылдары көрші елдің астанасы ғана емес, Өзбекстанның басқа да ірі қалалары әр нөсерден кейін балшықты өзенге айналады. Бұл жағдай өткен айда Бұқара мен Самарқанда байқалды.