Тасмағамбетов Абайдың шығармасынан үзінді оқу эстафетасына қатысты (видео)

0
1 621

Ол Абайдың 175 жылдығына орай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын жалғастырды.


Тасмағамбетов Абайдың шығармасынан үзінді оқу эстафетасына қатысты (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Абай Құнанбаевтың "Қара сөздерінен" үзінді оқып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Иманғали Тасмағамбетов 6-шы қара сөзді таңдаған екен. Онда бірліктің күші, оған қалай қол жеткізу керек және бұл жолда қандай кедергілер кездесетіні туралы айтылады.

"Мен поэзия эстафетасын досым Игорь мен Маралтай інімнен қабылдап, ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіне тоқталсам", - деп елші ақынның қара сөзін ерекше ықыласпен жеткізді.


Тасмағамбетов эстафетаны өзінің жан досы, көрнекті мәдениет қайраткері Досхан Жолжақсыновқа жолдады.

Еске сала кетсек, танымал ресейлік продюсер Игорь Крутойға Абайдың өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген жолдаған еді.