Тастан қаланған ең көне дәріхана 290 жылдан бері жұмысын жалғастырып келеді

0
2 157

Шығыс Еуропадағы ең көне дәріхана


Тастан қаланған ең көне дәріхана 290 жылдан бері жұмысын жалғастырып келеді

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Биыл Шығыс Еуропадағы ең көне дәріханаға 290 жыл толды, деп жазады 24.kz

Мұражай Киев қаласында орналасқан. Дәрі және дәрігерлік өнердің қалыптасу дәуірінен сыр шертетін ғимаратта 50 мыңнан астам фармацевтикалық құралдар және XVIII ғасырдың бірегей дәрілері сақталыпты. Сонымен үш ғасыр бұрын дәрі-дәрмек қалай жасалған? 1718 жылы бой көтерген Киевтегі көне дәріхана тастан соғылыпты, сондықтан болар, уақыт сынына төтеп бергені былай тұрсын, дәріхана әлі күнге дейін жұмыс жасап тұр.

Үш ғасыр бұрынғы жекеменшік ғимаратты Иоган Гейтер деген неміс фармацевті ашқан екен. Кейін бұл істі басқару – дәрігер Георг Бунгеге өткен. 18 ғасырда дәрілердің 80 пайызын Бунге өсімдік және жануар тіпті жәндіктен жасап отырған. Мұрағат-аптекадан дәрілер сақталған көне сауытты, үлкен-кіші таразы, рецепт жазылған көне кітап бөлмесін, жиһаз және 1884 жылғы науқастарты тіркеп отырған көне дәптерді де көруге болады.

1834 жылғы бұл құмсағаттың қолдану тарихы да ерекше. Ол кездері бір науқасты қабылдау уақыты осындай сағатпен белгіленіп отырған. Айталық, мұндағы кұм нақты 25 минутта құйылады, яғни дәрігер бір адамға тура осындай ғана уақытты жұмсаған екен.

12 бөлме: оның ішінде дәрі-дәрмек жасайтын зертханасы да бар алып мұрағат емханаға да ұқсайды. Бұл жерден иттің майынан жасалған жүз жыл бұрынғы көне сабынды да көресіз. Ғасыр жасап келе жатқан американдық есеп кассасы да бар. Алайда, ескі жазбалар «бұл дәріхана тек бай адамдардың ғана келетін жері болған» деп жазады, өйткені бір дәрінің құны 20 рубльге дейін саудаланған, салыстыру үшін сол кездегі бір сиырдың құны 3 қана рубль тұрған екен.

Виктор Задорожный, Мұрағат дәріхананың бас директоры: - Бұл бірегей ғимаратқа биыл 290 жыл толды. Тастан соғылған дәріхана талай уақыт сынына төтеп беріп, сақталып қалған. Дәріхаан ісіне арналған медициналық ыдыс, әлемде баламасы жоқ жиһаздарды еден астындағы жертөлеге жасырған екен, ғимарат күрделі жөндеуден өткен кезде жер астына жасырынған байлықтың бәрі табылды. Бұл дәріхана туралы ақпарат Санкт-Петербургтегі мұражайда сақталған және 1728 жылы соғылған Шығыс Еуропадағы ең көне дәріхана екені дәлелденіп отыр. Үш ғасыр бұрынғы фортепианоның сақталып қалғаны да ғажап. Дәріхана тек қалталы науқастарға арналғандықтан, шипа іздеп келген бай-бағландар бұл жерден күйсандықтан төгілген әсем әуенді де тыңдап қайтқан екен.