Татарстанда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, бірнеше адам қаза тапты

0
885

Бортта 23 адам болған, соның ішінде 21-і – парашютшілер.


Татарстанда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, бірнеше адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Татарстанда Мензелинск қаласында РЭС базасы маңында әуе клубына тиесілі L-410 ұшағы құлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мәскеу уақытымен 09:11-де Мензелинскіде әуе клубына тиесілі жеңіл моторлы L-410 ұшағы құлады. Бортта 20 адам болған, олардың басым бөлігі – парашютшілер», - деді агенттік дереккөзі.

Бортта 23 адам болған, соның ішінде 21-і – парашютшілер. Құтқарушылар ұшақтан жеті адамды шығарып алған, 16 адамның тағдыры белгісіз. «Өрт сөндіру – құтқару жасағы тағы төрт адамды құтқарып қалды. Барлығы жеті адам аман қалды», - деді ТАСС-қа агенттік дереккөзі.

Бұған дейін жедел қызметтегі дереккөз 19 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, ол ұшақтың жергілікті әуе клубы аэродромынан ұшқаннан кейін бірден құлағанын айтты. Агенттік дереккөзінің мәліметінше, ұшақ бір шақырымдай ғана ұшып үлгерген, әуе кемесі құлаған кезде фюзеляжі қираған. Ұшақ 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді.