Таудан құлаған көшкіннен 5 адам ажал құшты

0
1 165

Тауда көшкін жүріп, қар тазалайтын техниканы көміп қалған және шағын автобусты 40 метрлік жардан құлатып жіберген.


Таудан құлаған көшкіннен 5 адам ажал құшты

ERNUR.KZ. Түркияның шығысында көшкін кезінде кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ktk.kz.

Оқиға 4 ақпан кешкісін Ван-Бахчесарай тасжолында Ван провинциясында болған. Жолда қар тазалайтын көлік жұмыс істеген, оның артынан жолаушылар мінген автобус келе жатқан. Кенеттен тауда көшкін жүріп, қар тазалайтын техниканы көміп қалған және шағын автобусты 40 метрлік жардан құлатып жіберген.

Алдын ала дерек бойынша, жолаушылар көлігінде 10-15 адам болған. Провинция губернаторы Мехмет Эмин Бильмездің айтуынша, құтқарушылар төрт жолаушының мәйітін тапқан және қар үйіндісінің астынан бес адамды құтқарып қалған.

Бильмез кейінірек тағы екі адамның құтқарылғанын, олардың бірі алған жарақатынан көз жұмғанын хабарлады. Билік қар астында тағы да адамдар бар деп есептейді. Құтқару операциясына 200 адам қатысып жатыр. Қар тазалайтын көлік жүргізушісінің айтуынша, автобуста балалар болған.