Таяу Шығыста атыстан 24 адам мерт болды

0
809

Таяу Шығыста тағы да қанды қырғын.


Таяу Шығыста атыстан 24 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Таяу Шығыста Израиль мен Газа Секторы бірнеше күн бойы бір-біріне оқ жаудырып жатыр деп хабарлайды 24.kz.

Қанды қырғын салдарынан 24 палестина азаматы мерт болды. Олардың арасында балалар мен әйелдер де бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 150-ден астам тұрғын жарақат алды. Израиль әскерінің хабарлауынша, Палестина аумағында ХАМАС ұйымының командирі қаза тапты. Израиль тарапынан да адам шығыны бар. Әзірге олардың нақты саны белгісіз. Осы елдің премьер-министрі Биньямин Нетяньяху үкімет әскеріне Газа аумағына шабуылды жалғастыру керек деген бұйрық берді.