Тәжік-ауған шекарасында атыс болды: Бір әскери қызметкер қаза тапты

0
548

Түнде сегіз адам Ауғанстаннан Тәжікстан шекарасынан өтті.


Тәжік-ауған шекарасында атыс болды: Бір әскери қызметкер қаза тапты

ERNUR.KZ. 28 сәуір сағат 01:30-да тәжік-ауған шекарасында атыс болды деп жазады Stan.kz.

Түнде сегіз адам Ауғанстаннан Тәжікстан шекарасынан өтті. Олар есірткі, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдауға тырысқан деп айтылды. Тәжік шекарашылары контрабандистерді байқап, тоқтатуға тырысты. Бірақ олар бағынбай, оқ жаудырған. Шекара қорғаушылары жауап ретінде оларға оқ ата бастады.

Қаскөйлер оларға төтеп бере алмадй, бәрін тастап, Ауғанстанға қарай қашқан. Оқиға орнында 45 кг героин, Калашников автоматы, 74 патрон, арнайы түнгі көру құралы және 10 мың доллар табылды.

Шекарашылар контрабандистердің үш серіктесін ұстады. Олар Тәжікстан азаматтары болып шықты.

Атыс кезінде бір тәжік әскери қызметкері қаза тапты. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.