Тәжірибесі мол хирург жүзден аса баланы зорлады деп айыпталуда

0
1 652

Алғаш рет бұл сұмдақ жайт туралы 2017 жылы алты жасар қыз айтқан.


Тәжірибесі мол хирург жүзден аса баланы зорлады деп айыпталуда

ERNUR.KZ. 68 жастағы франциялық хирург Жоэль Ле Скуарнекаға 349 балаға зорлық әрекет көрсетті деген айып тағылып жаты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде іс бойынша 229 адамнан жауап алынды. Анықталғандай, тәжірибелі дәрігер заңға қайшы әрекеттерін отыз жыл бойы жүзеге асырып келген. Прокурор Лорелин Пейферит медицина қызметкері жасаған кейбір қылмыстардың ескіру мерзімі өтіп кеткенін мәлімдеді.

Хирург балаларға қатысты сексуалды әрекеттерін 80-шы жылдарда бастаған. Алғаш рет бұл сұмдақ жайт туралы 2017 жылы алты жасар қыз айтты. Бүлдіршін дәрігер тарапынан болған азғындық әрекеттер туралы анасына айтып берген. Бұл жағдай жайлы жергілікті BFM басылымы хабарлады.

Медицина қызметкері тергеу кезінде жауап беру барысында екі жиенін зорлағанын мойындады. Құқыққорғау органдары арнайы тексеріс жүргізіп, алымсақтыққа қатысты екі жүзге жуық оқиғаның мәліметтерін анықтаған. Дәрігер қылмыстық әрекеттерін жұмыс орнында, ауруханада іске асырып келген.

2020 жылдың наурыз айында бірінші болып анықталған төрт қылмыс бойынша сот ісі басталмақ. Қалған жағдайлар алдын ала тергеу бөлімінде қарастырылып жатыр. Олардың барлығы бір іске біріктірілуі мүмкін.