Теңізде толғағы қысқан әйелді күйеуі су ішінде босандырып алды

0
1 511

Мысыр еліне демалуға барған ресейлік азаматша босанып қалды. Ол теңізге жүзуге шыққанда толғағы келіп, сол жерде сәбиін өмірге алып келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйелінің қиналғанын көрген күйеуі бірден алғашқы көмек көрсетіп, өзі босандырып алған. Қуаныштысы, ресейлік азамат әйелдер дәрігері болып шығады.

Ал теңіз жаңалауында жүрген туристер бұл оқиғаны дереу суретке түсіріп үлгерген.

Желі оқырмандары айы-күні жақындағанда саяхатқа аттанған ананы сөгіп тастады. Енді біреулері баланың денсаулығына алаңдағандарын да жасырмады.