Tesla толықтай жүргізушісіз басқарылатын көліктер шығарады

0
712

Қазіргі уақытта компания автопилот функциясы бар автомобильдер шығаруда.


Tesla толықтай жүргізушісіз басқарылатын көліктер шығарады

ERNUR.KZ. Жақында америкалық Tesla компаниясы бесінші деңгейлі пилотсыз автокөлікті шығарады, деп хабарлайды Хабар24.

Ол көлік қоғамдық жолдарда жүргізушінің көмегінсіз жүре алады. Бұл туралы Reuters агенттігі Tesla басшысы Илон Маскке сілтеме жасап хабарлады.

Кәсіпкердің айтуынша, Tesla 2020 жылы жаңа технологияның негізгі функционалдығына қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта компания автопилот функциясы бар автомобильдер шығаруда.

Сонымен қатар Tesla автомобильдерге жаңа салқындату жүйесін жасауда.