The Economist Өзбекстанды Жыл елі деп атады

0
661

Өткен жылдың жеңімпазы Армения болған еді.


The Economist Өзбекстанды Жыл елі деп атады

ERNUR.KZ. Британияның The Economist журналы Өзбекстанды Жыл елі деп атады. Басылым Өзбекстанның әлі ұзаққа баратынын, сондай-ақ 2019 жылы бір де бір ел дәл осылай нақты қадам жасамағанын атап өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Әрбір желтоқсан айында журнал жыл бойы ілгерілеген мемлекетке «Жыл елі» атағын береді. Өткен жылдың жеңімпазы Армения болған еді.

Мақалада небәрі үш жыл бұрын Өбекстанның жабық қоғамды, посткеңестік ескі ел болғаны айтылады.

Шавкат Мирзиёевтің келуімен іс алға басты. 2018 жылы қауіпсіздік қызметінің басшысы отставкаға жіберілді. Мирзиёев реформаларды бастады, соның арқасында негізінен алғанда мәжбүрлі жұмыстар тоқтатылды. Шетелдік журналистердің елге кіруіне рұқсат етілді, ал шенеуніктерге шағын бизнеске «тиісуге» тыйым салынды.

Басылым Өзбекстанның жаңа жылға дейін парламент сайлауын өткізуі тиістігін еске салады.

Сондай-ақ, The Economist Солтүстік Македония мен Суданның жетістіктерін де атап өткен. Аталған елдердің алғашқысы ақпан айында өзінің атауын өзгертті, осылайша өзінің жақын көршісі Грекиямен қарым-қатынасын жақсартты. Сонымен қатар, Солтүстік Македония НАТО-ға кіру процесіне дайындық үстінде. Судан өз кезегінде Омар әл-Башир режимінен құтылды.