Тікелей эфирде сұхбат беріп отырып жүрегі тоқтап қалды

0
1 499

Танымал профессор сұхбат беріп отырып көз жұмды


Тікелей эфирде сұхбат беріп отырып жүрегі тоқтап қалды

фото:Sputnik.kz

ERNUR.KZ. Танымал үнді профессоры Рита Джитендра (Rita Jitendra) тікелей эфирде сұхбат беріп отырғанда көз жұмған деп жазады Sputnik.kz.

81 жастағы қарт әйел телеарнаның тұрақты қонағы екен, дүйсенбі күні таңғы бағдарламада өмірінің елеулі сәттерін еске алып отырғанда, аяқ асты тынысы тарыла бастайды.

Арада бірнеше минут өткенде оқиға орнына шұғыл келіп жеткен дәрігерлер профессордың дүние салғанын мәлімдеді.

Болжам бойынша, Рита Джитендраның жүрегі тоқтап қалған. Жүргізушінің айтуынша, сұхбат алдында әйел адам өзін жақсы сезінген.