Төбелестің аяғы атысқа ұласты (видео)

0
1 049

Таяқ жеген жігіт таксидің жүксалғышынан қару шығарып, қарсылас тарапқа оқ жаудырған.


Төбелестің аяғы атысқа ұласты (видео)

ERNUR.KZ. Желіде топ жігіттің төбелесінің атыспен аяқталғаны бейнеленген видео тарап кетті. Кейіннен бұл Мәскеу маңындағы Одинцово қаласында болған оқиға екені анықталды, деп жазады Qamshy.kz.

Бейнежазбаға назар салсаңыз, бірнеше жігіттің бір адамға сонша шүйлігіп, жұдырықтап жатқанын байқайсыз. Артынша әлгі таяқ жеген жігіт таксидің жүксалғышынан қару шығарып, қарсылас тарапқа оқ жаудырады.

Мәскеу облысының ІІД мәліметіне сүйенсек, аталмыш оқиғадан ешкім ешқандай зардап шекпеген.

"Сағат түнгі 02:30 шамасында Одинцово қаласы, Чистяков көшесіндегі 68-үйдің маңында белгісіз біреудің таксиден қару алып шығып, атыс ұйымдастырғаны туралы хабар келіп түсті. Оқ травматикалық тапаншадан атылған", - деп мәлімдеме жасады тәртіп сақшылары.