​Той қонақтары астан ұшынып, ауруханаға түсті

0
2 676

Дәрігерлер тағам сынамасынан сальмонелло бактериясын тапты.


​Той қонақтары астан ұшынып, ауруханаға түсті

Батумидегі «Кахабер» мейрамханасына тойға барғандардың кем дегенде жүзі астан ұшынып, ауруханаға түсті, деп жазады 24tv.ua сайты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.

Дәрігерлер тағам сынамасынан сальмонелло бактериясын тапты, бірақ мейрамхана мамандары науқастардың ұшынып қалу себебі тағам болуы мүмкін екенін жоққа шығаруда.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханада жатыр. Олардың бәрі үйлену тойының қонақтары болған.

Қоғамдық денсаулық сақтау ортлағының басшысы Нино Нижарадзенің айтуынша, жүзге жуық адам қатты ұшынған, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалар да бар. Ұшынудың себебі тәтті тағамдар болуы мүмкін.

«Ұшынып қалу кремді торттың салдарынан болуы мүмкін. Оны сақтайтын ауа температурасының режимі өзгергенде ол улы зат бөлуі мүмкін», - дейді ол.

Ал мейрамхана иелерінің айтуынша, аталған мекеме мейрамханадан тағам сынамасын алған жоқ.