Тойына 1,5 мың доллардан сыйлық талап еткен қалыңдық күйеуінен айрылып қалды

0
2 339

​Қыз өзінің тұрмысқа шығу тойын бірнеше жыл бойы жоспарлаған, алайда жиналған 15 мың доллар оған жеткіліксіз болған


Тойына 1,5 мың доллардан сыйлық талап еткен қалыңдық күйеуінен айрылып қалды

фото: Sputnik.

ERNUR.KZ. Канадада Сьюзен есімді қыз қонақтар тойына 1,5 мың доллардан жинап бермегені үшін тұрмысқа шығудан бас тартты, деп жазады Sputnik.

Канадалық қыз бірнеше жыл бойы үйлену тойын барынша сәнді етіп өткізуді жоспарлаған. Сол үшін ол жігітімен бірге ұзақ уақыт бойы 15 мың доллар жинайды. Алайда бұл ақша қызға жеткіліксіз болып көрінген – "қиялдағы үйлену тойын" өткізу үшін 60 мың доллар қажет болған. Содан Сьюзан тойға шақырылған қонақтардың барлығынан сыйлық ретінде 1,5 мың доллардан тапсыруды өтінеді, деп жазды The Mirror.

Қонақтардың басым бөлігі қалыңдықтың шартын орындаудан бас тартты, салдарынан тойға төрт күн қалғанда салтанатты кештің өтпейтіні туралы жарияланды. Сонымен қатар, Сьюзен жігітімен айырылысып тынғанын да хабарлады. Күйеу жігіт оның жоспары ақылға қонбайтынын айтып, қарапайым той өткізуді талап еткен көрінеді. Сондай-ақ қыз "барға қанағат етуге" шақырған барлық құрбысымен ұрысып қалған. Қыз "сыйлық" жасап үлгерген қонақтардың ақшасын моральдық шығынға жатқызып, қайтарып беруден бас тартқан.

Канадалық әлеуметтік желілердегі парақшаларын жойып, "сатқындардан жанын тазарту" үшін Оңтүстік Африкаға саяхаттауға шешім қабылдады.