Токио аспанында беймәлім құбылыс байқалды (видео)

0
731

​Ғалымдар жұмбақ нысан метеорит болуы мүмкін деп топшылап отыр, осыған ұқсас жағдай Жапонияда жуырда ғана болған еді.


Токио аспанында беймәлім құбылыс байқалды (видео)

ERNUR.KZ. Жапонияның Токио қаласы мен Канто ауданының көгінде белгісіз аспан денесінің құлаған сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Аспан денесі 21 тамыз күні сағат 22:30 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30) байқалған. Беймәлім шар аспанда жарқ етіп ұшып, кейін сөнді.



Токио тұрғындары ерекше құбылысты смартфонға түсіріп үлгерген. Бұдан бөлек, белгісіз нысан Токионың бірнеше ауданында, көрші Канагава мен тіпті, алыстағы Яманаси префектурасындағы үйлер мен автокөліктердің бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Ғалымдар нақты не ұшып өткенін әзірге білмейді. Бірақ, олардың топшылауынша, бұл метеориттің құлауымен байланысты болуы мүмкін.

Екінші шілдеде Тиба префектурасында дәл осындай ұшатын нысан көрінген еді. Көп ұзамай сол аумақтан метеориттің бөлшегі табылды.