Томпиып отырып ыдыс жуған маймыл желіні жарды (видео)

0
3 319

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде елдің күлкісін келтіретін видео пайда болды. Онда су ағатын шүмектің астына қойылатын шұңғылшаның (раковина) ішінде отырған маймыл көпшілікті таң қалдырды.


Томпиып отырып ыдыс жуған маймыл желіні жарды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде елдің күлкісін келтіретін видео пайда болды. Онда су ағатын шүмектің астына қойылатын шұңғылшаның (раковина) ішінде отырған маймыл көпшілікті таң қалдырды. Нақтырақ айтқанда, маймыл суға толы шұңғылшаның ішінде отырып алып, ыдыс жуады. Алдымен табақты, сосын кесені тазалайды. Бір қызығы үстел үстінде тұрған құрғақ шүберекті көрген ол жуылған ыдысты сүртіп, кейін шұңғылшаға қайта салады. Бұл көрініс желідегілерді сүсйсінтті. Оны көрген желі қолданушылары маймыл адамнан көргенін жасап, ақылды екенін алға тартты. Көпшілік қауым ынта-шынтасымен ыдыс жуып отырған оны қызық көрді. Тіпті кейбірі үй шаруасына мүлдем ебі жоқ ақ саусақ қыздарға арналған видео екен деп, маймыл құрлы емессіңдер деп қалжыңдай да түсті. Айта кетерлігі, бұл жағдайдың әлемнің қай елінде орын алғаны белгісіз.

Видео: желіден алынды