Төрт баласын өлтірген әйел полицияға келіп, кінәсін мойындады

0
680

Қайғылы оқиға болған күні балалардың әкесі үйінде болмаған.


Төрт баласын өлтірген әйел полицияға келіп, кінәсін мойындады

ERNUR.KZ. Тәжікстанда 30 жастағы әйел 4 баласын тұншықтырып өлтірген, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте түсте Хатлон облысында болған. Ішкі істер министрлігі оқиғаның болғанын растап, бүгінде әйелдің қамауға алынғанын жеткізді.

Дереккөздің мәліметінше, әйелдің аты-жөні - Назокатхон Тоирова. 2 күн бұрын ол балаларымен бірге ағасының үйіне барған. Назокатхонның күйеуі құрылыста жұмыс жасаған. Қайғылы оқиға болған күні ол үйінде болмапты. Әйел 10, 8, 4 жастағы балалары мен 1 жасар сәбиін тұншықтырып өлтіріп, полицияға барған. Онда ол өз кінәсін мойындапты.

Әйелдің мұндай жантүршігерлік қылмыс жасауға не итермелегені әлі белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл істі прокуратура тергейтінін атап өтті.