Тoyota сутекті қозғалтқышты автомобильдер санын арттырады

0
1 351

Toyota компаниясы сутекті қозғалтқышты автомобильдер шығаруды кеңейтпек.


Тoyota сутекті қозғалтқышты автомобильдер санын арттырады

ERNUR.KZ. Жапониялық өндіруші – Toyota компаниясы сутекті қозғалтқышты автомобильдер шығаруды кеңейтпек. Компаниядағылар мұндай қозғалтқышпен болашақта тек люкс санатындағы автомобильдерді ғана емес, шағын үлгілерді де жабдықтауға болатынын айтты. Бұл жөнінде Toyota концернінің баспасөз хатшысы Хисаши Накаи мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Дәл сол сияқты, бензин немесе дизельдік отынды жағатын классикалық қозғалтқышқа балама табу әрекетінде немістің VW, BMW және Daimlerавтоөндірушілері электромобильдер шығаруға зейін қоюға уағдаласты.

«Жақын болашақта бұл атмосфераға көмірқышқыл газының шығуын төмендететін ең тиімді және үздік әдіс болмақ», - деді VW концернінің басшысы Герберт Дис.

Әйткенмен, жапониялықтар ең кең таралған түрі сутекті қозғалтқыш болып табылатын термоэлектрлі генераторға басымдық беріп отыр.

«Біз басқалардың тек бір технологияға басымдық беруін түсінеміз. Алайда, бізге екеуі де – электробатареялар да, термоэлектрлі генератор да қажет», - дейді Хисаши Накаи.

Айта кету керек, сутекті қозғалтқыштың басты ерекшелігі – ол дыбыссыз жұмыс жасайды және атмосфераға ешқандай зиянды зат шығармайды.